2024 жылға арналған квоталар көлемі алынды!

Толығырақ

27.04.2023

Криобанк

Криобанк

Криоконсервация - бұл биологиялық материалды -196°С температурада сұйық азотта мұздату мен сақтаудын қауіпсіз әдісі болып табылады. Төмен температураны қолдану жасушалардағы барлық биохимиялық үдерістерді тоқтатып, оларды ұзақ уақыт бойы сақтауға мүмкіндік береді.

Витрификация- бұл жедел мұздату, ол жыныс жасушалары және эмбриондар үшін анағұрылым жұмсақ. Бұл болашақта қолдану ұшін биологиялық материалдарды сақтаудың бүгінгі күндегі ең тиімді технологиясы.

 

Эмбриондарды криоконсервациялау

Көп жағдайларда ҚРТ бағдарламалары кезінде, біз сапасы жақсы эмбриондардың едәуір мөлшеріне қол жеткізе аламыз. Әдеттегідей, жатыр қуысына үш эмбрионнан артық тасмалданбайды. Сондықтан емделушілер қалаған жағдайда, эмбриондарды келесі ЭКҰ шарасына дейін сақтауға мүмкіндік бар. Себебі кейбір жұптар болашақта тағы бір сәбиді дүниеге әкелу туралы шешім қабылдау мүмкін. Сол себепті, ана ағзасына ауыртпалық түсірмеу мақсатымен, біздің орталықта эмбриондарды криоконсервациялау ұсынылады.

Мұздатылған күйде шәует ұзақ уақыт бойы сақталады. Шәуетті алғашқы рет мұздатқан кезде криотөзімділік тесті өткізіледі. Оны бақылау үшін шәует мұздатылып, қайта ерітіледі.

Шәуетті криоконсервациялау келесі жағдайларда қолданылады:

  • Егер ер адам түрлі себептерге байланысты фолликулдар пункциясы күні келе алмайтын жағдайда;
  • Онкологиялық науқастарда, себебі, қабылданатын емдік шаралар (химиотерапия, сәулелі терапия) бедеулік қауіпін арттырады.

Ооциттерді(аналық жыныс жасушаларын) криоконсервациялау ЭКҰ бағдарламаларында келесі жағдайларда қолданылады:

  • жас әйелдің аналық жыныс жасушаларын болашақта қолдануға болады(егер ол бала тууды кешірек репродуктивтік жасқа жоспарлап қойса, аталмыш «кейінге қалдырылған аналық»);
  • аналық жыныс жасуларына кері әсерін тигізе алатын онкологиялық аурулардың емшараларынан соң қолдану(ұрықтандыру) үшін;
  • күтпеген себептерге байланысты фолликулдар пункциясы күні аналық жыныс жасушаларын ұрықтандыру үшін жұбайы шәует тапсыра алмаған жағдайда;
  • егер экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасы донорлық ооциттерді қолданумен жүрсе;
  • экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасы кезінде пункциядан артылып қалған ооциттер болған жағдайда, олар көп және оларды ұрықтандыруға негіз жоқ болса, (болашақта жүктілікке қол жеткізу үшін) әйелдің қалауы бойынша сақталады.

Биопсия арқылы(ТЕЗА) алынған аталық без және оның қосалқысының ұлпалары да криоконсервациялануы мүмкін.

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg