2024 жылға арналған квоталар көлемі алынды!

Толығырақ

27.04.2023

Донорлық шәует пен ооциттер қоры

Донорлық шәует пен ооциттер қоры

Жұптың бедеулігінің себебі ерлер факторынан болған жағдайларда, тұқымқуалайтын аурудың берілу қауіпі орын алса немесе әйел жалғыз басты болса бедеулікті емдеу үшін донор шәуеті қолданылады.

Донорлық шәует қоры- ерлер және әйелдер факторынан болған бедеулікті емдеу үшін қолданылатын сұйық азотта мұздатылған күйінде сперматозоидтар сақталатын қойма. Оны қосалқы репродуктивтік технологиялардың келесі түрлерін қолданғанда пайдаланады: жасанды инсеминация, экстракорпоралды ұрықтандыру(ЭКҰ).

 

Донорларға қойылатын талаптар едәуір қатаң, олардың барлығы кеңейтілген медициналық тексеруден өтеді. Донорды шәует қорына қоспай тұрып, оны міндетті түрде АИТВ, мерез, В және С гепатиттері мен бірқатар жыныстық жолмен берілетін сырқаттарға тексереді. Донор терапевт, уролог, нарколог мамандардың қарауынан өтеді, медициналық-генетикалық кеңес алады және т.б.

Сонымен қатар, мұздатылған күйде арнайы түтіктерде сақталатын донорлық шәует үшін бірқатар шаралар қолданылады. Барлық материал каталогтандырылып, қатаң есепке алынғандықтан, донорды таңдау кезінде қателік мүмкіндігі жоққа шығарылады. Заңнамаға сәйкес, донорлық материалды қолдану тек белгілі уақыт, яғни, карантин уақыты(6 ай) өткен соң ғана мүмкін болады.

Емделушілер(емделуші) өз талғамына байланысты каталог бойынша донорларды таңдауды жүзеге асырады.

Емделушілер үшін донорлардың шаш пен тері түсі сыртқы сипаттары мен бойы, салмағы, қан тобы сияқты физикалық белгілері туралы ақпарат қолжетімді. Анонимді донордың жеке басы туралы ақпарат құпия болып табылады. Донорлар да, өз алдына, олардың шәуетін қолданған науқастар жөнінде ешқандай ақпарат алмайды.

Жасанды ұрықтандыру үшін өз аналық жыныс жасушаларын қолдану мүмкін емес болған жағдайларда, ооциттер донорларының қызметі қолданылады.

Заманауи қосалқы репродуктивтік технологиялардың құрамына кіретін аналық жыныс жасушаларының донорлық көптеген отбасына дені сау балаларды дүниеге әкелуге көмектесті.

Біздің орталықта витрификация әдісімен криоконсервацияланған донорлық аналық жыныс жасушаларының қоры бар.

Ооцит донорларының барлығы мұқият тексерістен өткен және барлық медициналық және психологиялық параметрлерге сай келеді (заңды ережелерге сәйкес).

Репродуктолог дәрігердің қабылдауында сіз ооциттер донорларының барлық сыртқы және физикалық көрсеткіштері сипатталған каталогпен.

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg