Жұмыс уақытын кешкі 22:00-ге дейін ұзарттық.

Толығырақ
Гематология

Гематология

Astana ECOLIFE клиникасындағы гематология - әрбір жасуша маңызды болған кезде. Кәсіби, мұқият, тиімді.

Гематология – қан және қан жасау жүйесі ауруларын зерттейтін медицина саласы. Ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің жұмысы қанның күйіне тікелей байланысты: ол оттегін тасымалдайды, иммундық қорғанысқа қатысады, зат алмасуды реттейді.

Astana ECOLIFE клиникасында қан құрамы мен қызметінің бұзылуымен байланысты аурулардың кең ауқымын дәл диагностикалау, тиімді емдеу және алдын алу үшін гематологтың кәсіби көмегін ұсынамыз.

Қандай белгілер бойынша гематологқа жүгінген жөң?
Көптеген қан аурулары байқалмай дамиды, бірақ жалпы жағдайға елеулі әсер етуі мүмкін. Гематологқа қаралыңыз, егер сізде:

  • созылмалы шаршау, әлсіздік;
  • жиі бас айналу, естен тану;
  • терінің және шырышты қабаттардың бозаруы;
  • физикалық күш салу кезінде ентігу;
  • қызыл иектің қан кетуінің жоғарылауы, мұрыннан қан кету;
  • жиі суық тию және иммунитеттің әлсіреуі;
  • түсініксіз салмақ жоғалту;
  • лимфа түйіндерінің немесе көкбауырдың ұлғаюы;
  • жалпы қан анализіндегі ауытқулар.

Біз нені емдейміз?
Біздің гематологтар келесі аурулармен жұмыс жасайды:

  • темір тапшылығы және анемияның басқа түрлері;
  • тромбоцитопения, лейкопения, полицитемия;
  • қан ұюының бұзылуы;
  • лейкемия және лимфомалар (анықтаудың бастапқы кезеңінде);
  • созылмалы гематологиялық аурулар;
  • химиотерапия немесе сәулелік терапиядан кейінгі жағдайлар. 

Алдын алу.
Симптомдар болмаған жағдайда да гематологиялық тексеру ұсынылады:

  • жүктілік және оны жоспарлау кезінде;
  • қарт адамдар;
  • ауыр инфекциялардан, операциялардан, қатерлі ісіктерді емдеуден кейін.

Сіздің денсаулығыңыз сенімді қолдарда
Astana ECOLIFE клиникасының мамандары сіздің шағымдарыңызды мұқият зерттеп, диагностика мен емдеудің әрбір қадамын түсіндіріп, барлық сұрақтарыңызға жауап береді. Біз сіздердің жоғары сапалы және кәсіби медициналық көмек алуға сенімді болуыңыз үшін жұмыс жасаймыз.

Дәрігерлер

Байдурин Серик Амангельдинович

Байдурин Серик Амангельдинович

ГастроэнтерологГематолог"Құрмет" орденінің иегеріПрофессорТерапевтВрач высшей категории

Қызметтер және бағалар

Бағыттар
Қызмет санаты

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg