2024 жылға арналған квоталар көлемі алынды!

Толығырақ

07.12.2023

"Егемен Қазақстан" газетінде біз жайлы

"Егемен Қазақстан" газетінде біз жайлы

6 мыңнан астам отбасына ана мен әке бақытын сыйлаған «Аңсаған Сәби» мемлекеттік бағдарламасы туралы «Егемен Қазақстан» газетінде мақала шығарылды.

Мақалада қуанышты оқиғалардың бірі, осы бағдарламаның арқасында ана атанған Астана ЭКОЛАЙФ пациентінің оқиғасы сипатталған!

Аңсаған сəбиін сүйген тағы бір кейіпкеріміз – атыраулық Орынгүл Орынбасарова. Қайыры мол квотаны алған ол жолдасымен бірге ЭКҰ əдісін елордадағы «Астана Эколайф» клиникасында жасатыпты.
– "Аңсаған сəби» бағдарламасы туралы былтыр хабардар болдық. Біздің бала күтіп жүргенімізге алты жыл уақыт болған еді. Жасым болса, 32-ге келді, ал күйеуім – 33-те. ЭКҰ-ға жүгіну туралы ойлап көргенімізбен, бұл қызметті алу оңайға соқпайтынын білетінбіз. Əйтеуір үмітімізді үзбей, мемлекеттен бөлініп жатқан квотаны алуға талаптанып көрдік. Осы қадамымыз сəтті болып, ақыры асыл арманымыз орындалды. Қыркүйек айында сəбилі болдық. Тəубе! Қазір Назым есімді қызымыз бар. Атын атасы мен əжесі қойды. Бізге қолынан келген көмегін аямай, барынша қамқорлық жасап, қызмет көрсеткен дəрігеріміз Гүлмира Белбаевнаға алғысым шексіз. Қазір жүрген жерімде осы бағдарламаның игілігін айта жүремін жəне осы көмекке мұқтаж келіншектерге дəрігеріміздің нөмірін де беріп жатырмын, – деді Орынгүл."

Сіз де ЭКҰ үшін мемлекеттік квотаны ала аласыз, мұны қалай жасауға болатынын осында оқыңыз. Біз сізге көмектесеміз!

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg