2024 жылға арналған квоталар көлемі алынды!

Толығырақ

27.04.2023

Ультрадыбыстық зерттеу

Құрсақ қуысының УДЗ:

  • Зерттеуге 3 күн қалғанда тағамға: қара нан, сүт, асбұршақ, орамжапырақ, көкөністер мен жеміс-жидектер, газдалған сусындар, тәттілер және тағы басқа іш кебуіне себеп болатын басқа да азық-түліктерді қолданбау керек. Тағамдардан: шай, ақ нан, балық, ет, макарондар, суға піскен ботқа ұсынылады.
  • Жақсы көрініс үшін зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын асқортуды жақсартатын(мезим, фестал, панзинорм) және газ түзілуін тежейтін (симетикон, эспумизан, дисфлатил, метеоспазмил) ферментті дәрі-дәрмектерді қабылдау ұсынылады.
  • зерттеу аш қарынға жасалады, егер күннің екінші жартысында жасалатын болса 6 сағат бұрын тамақ және 2 сағат бұрын ішуге болмайды. Зерттеудің алдында сағыз шайнауға, кәмпит соруға, темекі шегуге болмайды.
  • Қолда болған жағдайда УДЗ-ға бұрын соңды өткен зерттеулер нәтижелерін алып келіңіз.
  • УДЗ-ны бірден ФГДС, колоноскопия, рентгенконтрастты зерттеулерден соң(ирригоскопия, гастрография және т.б.)

Қуық пен қуықасты безінің УДЗ:

  • УДЗ толы қуықпен жасалады, зерттеуге дейін бір- бір жарым сағат бұрын 1 литр су ішіп, кіші дәрет сындырмаған жөн.

Кіші жамбас астауының УДЗ:

  • Егер трансвагинальді зерттеу жоспарланған болса, УДЗ алдында кіші дәрет сындыру қажет. Егер трансабдоминальді(беткейлік) зерттеу жоспарланған болса, қуық толған болуы керек.
  • Қолда болған жағдайда УДЗ-ға бұрын соңды өткен зерттеулер нәтижелерін алып келіңіз.

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg