2024 жылға арналған квоталар көлемі алынды!

Толығырақ

27.04.2023

ИКСИ

ИКСИ

ИКСИ емшарасын микроскоп астында жүргізеді. Аналық жыныс жасушасы және сперматозоидпен жұмыс үшін шыны микроқұралдар- микроине мен микросорғышты(ұстап тұратын капилляр) қолданады. Микроқұралдар микроскопиялық әрекеттер жасауға мүмкіндік беретін манипулляторларға жалғасады. ИКСИ үшін эмбриолог морфологиялық қалыпты сперматозоидты таңдап алады. Қозғалғыштығын тежеп микроиненің ішіне кіргізеді. Сосын аналық жыныс жасушасын микросорғышта ұстап тұрып, оның сыртқы қабықшасын микроинемен тесіп, ішіне сперматозоидты енгізеді де, инені алып шығады. Осы әрекетті барлық аналық жыныс жасушалары үшін қайталайды. Аналық жыныс жасушасының сыртқы қабықшасы өте иілгіш және иненің тескен орны жылдам тартылып қалады, алайда 1% жуық ооциттер ИКСИ барысында зақымдалуы мүмкін.

 

ИКСИ емшарасы кім үшін көрсетілген:

-Стандартты ЭКҰ айналымында аналық жыныс жасушалары 50%-дан кем немесе мүлдем ұрықтанбаған жұптар үшін

-Эякулятында патологиялық өзгерістер бар ер адамдар үшін:

  • сперматозоидтардың мөлшері азайған;
  • сперматозоидтардың қозғалғыштығы төмен;
  • шәует құрамында антиспермальді антиденелер(АСАД) шамадан тыс көп;
  • патологиялық сперматозоидтар шамадан тыс көп;

-Сперматозоидтар аталық без биопсиясы арқылы алынған азооспермиясы бар ерлерге.

ИКСИ емшарасының нәтижелерін дәстүрлі ЭКҰ нәтижелерімен бір қатарға қоюға болады. ИКСИ емшарасы арқылы алынған эмбриондар, қалыпты дамуға қабілетті, ал ИКСИ қолдану арқылы ЭКҰ-дан кейін дүниеге келген сәбилер кәдімгі балалардан физикалық және ақыл-ой қабілеттері бойынша ешқандай айырмашылығы жоқ.

Мақала сізге пайдалы болды ма?

Немесе төмендегі байланыс нөмері бойынша
бізге хабарласыңыз

info@ecolife.kz

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Б.Момышұлы даңғылы 2Д

map.jpg